Бұл туралы сенат кулуарында денсаулық сақтау вице-министрі – мемлекеттік бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.
Есмағамбетованың айтуынша, қызылша ауруынан 2 бала өлімі тіркелген. Екеуі де 1 жасқа дейінгі балалар. Өлім жағдайы Астана мен Шығыс Қазақстан облысында тіркелді.
«Олар қызылшаға қарсы екпе алу жасына толмаған. Бір бала шала туған. Оның бұған дейін де басқа да ілеспе аурулары болған. Соңына қызылша жұқтырған», — деді Айжан Есмағамбетова сенат кулуарында.
Еске сала кетейік, таяуда Біріккен Ұлттар ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) қызылшаның таралуы бойынша Қазақстанды әлемде бірінші орынға шығарған еді.
Qazaq.today