Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Kcell, Tele2, Altel және Beeline ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу бастады. Олар бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттер жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандықтардың шағымдары бойынша агенттік ұялы байланыс қызметтерінің тарифтік жоспарларының шарттарына және бағалардың өзгеру қарқынына талдау жасады.
«2023 жылы ұялы байланыс операторларының тарифтік жоспарлары бойынша бағаның 7,7%-дан 57,3%-ға дейін айтарлықтай өсуі тіркелгені анықталды. Осылайша, 2023 жылдың мамыр-шілде айлары аралығында ұялы байланыс операторлары өздерінің ресми сайттарында ақпарат жариялап, ай сайынғы абоненттік төлемі бар 30-дан астам тарифтік жоспарлар бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын елеулі қымбаттатқан», — деп хабарлады агенттіктегілер.
Күнтізбелік жылда бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттер белгілерінің бірнеше рет анықталуына байланысты «Кселл» АҚ, «МТ-С» ЖШС (Tele2/Altel) және «Кар-Тел» ЖШС (Beeline) ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталды.
Тергеу Кәсіпкерлік кодекстің 170-бабы бойынша жүргізіліп жатыр.
Qazaq.today