gov.kz
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу аяқталды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұлттық комиссияның шешімімен резервке 50 адам қабылданды. Жалпыұлттық комиссияның қарауына жіберілген 100 үміткердің қорытынды кезеңнен өтпей қалған 50-іне өңірлік кадрлық резервтерге өту ұсынылады.
«Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған азаматтар саяси лауазымдарға, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына, «Б» корпусының басшылық лауазымдарына тағайындалуы мүмкін. Резервте болу мерзімі – 3 жыл», — делінген хабарламада.
Іріктелген кандидаттардың тізімін мына жерден көре аласыздар.