Қарасай ауданында орын алған апаттан бүтін бір ауылдың халқы ауыз сусыз қалды. Қарғалы ауылдық округінің «Жеңіс» саяжайына су беру тоқтатылды, деп хабарлайды Qazaq.today.
«Саяжай алабын ауыз сумен қамтамасыз ететін су құбыры жарылды. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін таңғы 9-да Қарғалы ауылының барлық абоненттері үшін сумен жабдықтау өшірілді. «BeyAzh Trans» компаниясының қызметкерлері ысырманы ауыстырумен айналысады», — деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Компания апаттық жұмысты бүгін аяқтауды жоспарлап отыр.
Qazaq.today