«Қазгидромет» РМК синоптиктері бүгін, 14 қаңтарда бірнеше өңірде аяз бен көктайғақ болып, екпіні күші жел соғатынын болжады, — деп хабарлайды Qazaq.today тілшісі.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қарағанды облысының оңтүстігінде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында шаңды дауыл сақталады. Шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 40 градус қатты аяз болады.
Жетісу облысының Алакөль көлдері аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Түнде 23-28 градус қатты аяз болады.