Президент Тоқаев «Парыз» және «Алтын сапа» сыйлығының жүлдегерлерін марапаттады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Парыз» сыйлығының гран-приі мен «Алтын сапа» сыйлығының жүлдегерлерін марапаттады, деп хабарлайды Qazaq.today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шағын және орта бизнес кәсіпорындары арасында «Парыз» сыйлығының гран-приі Қызылорда облысындағы «Абай Даулет» ЖШС-ға берілді.

Ал ірі бизнес саласында бұл жүлде «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнына» табысталды.

Сонымен қатар, «Алтын сапа» сыйлығының «Үздік индустриялық жоба» номинациясы бойынша Қостанай облысының «ДЕП» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Үздік инновациялық жоба» аталымында Маңғыстау облысындағы «CleanfieldKazakhstan» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі марапатталды.

Qazaq.today