Жұмысқа тартылған жастардың арасында оқушылар да болған.
Алматы облысында маусымдық жұмысқа тартылған 1200 адамға жалақы төленбеген. Студенттер мен өзге де жастар жазғы демалыс кезінде мемлекеттік бағдарламамен жұмыс істеген. Алайда мемлекеттік мекемелер арқылы жұмыс істеген жастар еңбекақыларын алмаған күйі оқуға кетуге мәжбүр болған. Жауаптылардың жастар алдындағы берешегі 150 млн теңгеге жеткен. Іске Алматы облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің араласуына тура келген, деп хабарлайды Qazaq.today.
«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасқан 1200 адамға жалпы сомасы 150 млн теңге жалақыны алуға жәрдемдесті. Бұл мәселе туралы өңірдің жемқорлыққа қарсы еріктілері хабарлады. Аталған бағдарлама оқушы, студент және жұмыссыз жастарды маусымдық жұмысқа орналастыруды көздеп, ағымдағы жылдың 20 тамызы мен қарашасы аралығында жүзеге асырылды. Алайда, жоба аясында еңбек еткен жастарға жалақы төленбеген», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Департамент тиісті шараларды қабылдаған соң ғана 1200 адам жаз бойы істеген еңбектерінің ақысына қол жеткізген.
«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмысқа көгалдандыру (ағаш отырғызу, арамшөптерді тазарту, ормандарды, су қоймаларын санитарлық тазарту және т.б.) және елді мекенді абаттандыру (ауыл, қала) бағыттары бойынша жұмыстар кіреді», — делінген хабарламада.
фото: dauletten.kz
Qazaq.today