Sorting by

×

Жетісу облысының прокурорлары 500-ден астам азаматтық істің сотына қатысты

Сотта мемлекет мүдделерінің өкілдігі — прокуратура жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Прокурорлар:

1) мемлекет мүдделерін қозғайтын;
2) қоғамдық мүдделерді немесе физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды дербес жүзеге асыра алмайтын адамдарды қорғау талап етілгенде;
3) сот оны қажет деп таныған кезде;
4) ата-ана құқығынан айыру туралы;
5) нормативтік құқықтық актінің заңдылығын даулау туралы;
6) кәмелетке толмаған баланы девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы білім беру ұйымына немесе ерекше ұстау режимі бар ұйымға орналастыру туралы;
7) балаларды асырап алу туралы, бала асырап алудың күшін жою туралы, бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы азаматтық істер бойынша процеске қатысады.

Биыл Жетісу облысының прокурорлары 500-ден астам азаматтық істің сотына қатысты

Прокурорлардың өтініштері бойынша заңға сәйкес 4 сот актісі келтірілді. 23 млн теңгеге мемлекеттің мүдделер  қорғалды.

Прокуратура актілерімен бұзылған құқықтарды қалпына келтірудің бір мысалы ретінде Ақсу ауданындағы жер заңнамасын бұзу жағдайы болды.

Облыс прокуратурасымен апелляциялық өтініш енгізілді және ол сотпен қанағаттандырылды.
Бұл уәкілетті органның нұсқамасын орындауға және өткізілген заңсыз конкурстың күшін жоюға, сондай-ақ жаңа жер конкурсын тағайындауға әкелді.

Сонымен қатар, прокурорлар азаматтық процеске қатысқан кезде субсидияларды негізсіз пайдалану фактісі бойынша Кәсіпорынның лауазымды тұлғасына қатысты қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін анықтады.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс Алакөл аудандық сотына жолданды (қаралуда).

Нәтижесінде, прокурорлық қадағалау актілерімен азаматтық және әкімшілік істер бойынша бірыңғай сот практикасы қалыптастырылды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

фото: ашық дереккөзден

Qazaq.today