Жалғас Жұмағұловтың UFC-ден кейінгі алғашқы жекпе-жегі нокаутпен аяқталды

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-ден кеткеннен кейінгі алғашқы жекпе-жегін өткізді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Астанада өтіп жатқан Naiza 55 турнирінің негізгі жекпе-жегінде оның қарсыласы жапониялық Масато Накамура болды. Жекпе-жек Жұмағұловтың нокаутпен жеңісімен аяқталды. Айта кетейік, бұл жекпе-жекке дейін Жұмағұлов төрт жекпе-жекте жеңілді. UFC-де қазақстандық жеті жекпе-жек өткізіп, оның біреуінде ғана жеңіске жетіп, алтауында жеңілген. Ары қарай келісімшарт ұзартылған жоқ.