Алматыда өрттен қайтыс болғандардың аты-жөні толық анықталды, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, хостелдегі өрт салдарынан қаза тапқандардың жеке басы анықталып, сот медициналық сараптама тағайындалған.
«Қайтыс болған 13 адамның төртеуі – шетелдіктер (Ресей Федерациясының 2 азаматы және Өзбекстанның 2 азаматы), тағы 9-ы – Қазақстан Республикасының азаматтары», — делінген қалалық ПД хабарламасында.
Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Еске салайық, бүгін таңертең сағат 05.30-да Әди Шәріпов көшеіндегі хостелден өрт шығып, 13 адам қаза тапқаны хабарланды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы өрттен зардап шеккен 4 адамның ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді. Сондай-ақ аталған оқиғаға бойынша Үкіметтік комиссия құрылды.
фото: ашық дереккөзден
Qazaq.today