Желтоқсанда қазақстандықтар 11 күн демалады

коллаж Almaty.tv.

Қазақстан желтоқсанда дәстүрлі түрде Тәуелсіздік күнін атап өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл Тәуелсіздік күні, яғни 16 желтоқсан сенбіге сәйкес келеді, сондықтан қазақстандықтар дүйсенбі күні де демалады.

Тәуелсіздік күні:

аптасына бес күн жұмыс істейтіндер: 16, 17, 18 желтоқсан күндері;

аптасына алты күн жұмыс істейтіндер: 16 және 17 желтоқсан күндері демалады.