Алматыда Ясауидің туғанына 930 жыл толуына орай кеш өтті. Тәлім-тәрбиелік мәні зор маңызды кездесу Алматыдағы N182 жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылды. Оған мектеп оқушылары мен ұстаздар шақырылды, деп хабарлайды Qazaq.today.
Өнеге толы іс-шараның тақырыбы Қожа-Ахмет Ясауидің «Даналық кітабының мәні мен маңызы» деп аталады. Айтулы шараны ұйымдастырудың мақсаты, Ясауи танымын оқушыларға кеңінен насихаттау. Кеш Ясауидің 930 жылдығына арналды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология факультеті, Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты
Сарбасов Болатхан Серғазыұлымен тағылымды сұхбат өтті. Ғалым жастарға өмірі ізгілікке толы Ясауидың шығармалырынан мол мағұлмат беріп, адалдық, тазалық, өмірдің мәні, отансүйгіштік жайында ой толғады.
Кеш барысында оқушылар Ясауидың тағылымды өмірінен көрініс қойып, ілім-білім іздену жолындағы өздерінің сұрақтарын қойды.
Qazaq.today