Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазынаның» Назарбаев басқарған кеңесін таратты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» қорын басқару жөніндегі кеңесті тарататын құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

«2012 жылдың 1 ақпандағы ҚР «Ұлттық әл -ауқат қоры туралы» Заңында 6-1-бап («қорды басқару жөніндегі кеңес») алып тасталсын», — делінген құжатта.

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқарған Кеңес консультативтік-кеңесші орган болды. Оның міндеті Қор қызметінің бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру болды.

Бұған дейін Назарбаевтың соңғы лауазымы жойылғаны хабарланған еді.

Еске салайық, өткен жылы парламент Қазақстанның “Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы” заңның жойылуына байланысты дауыс берген болатын. Осыдан кейін депутаттар экс-президентті барлық өкілеттіктері  мен мәртебелерінен айыра бастады.

Qazaq.today