Алматыда City Run 2023 жарысы өтті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Мәреге жеткендердің барлығы лайықты медальға ие болды. Қолайсыз жаңбырлы ауа-райына қарамастан 2000-нан астам жүгіру әуесқойы спорт мерекесіне қатысуға ниет білдірді.
Мәреге жеткеннің барлығы лайықты медальға ие болды, ал жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Биыл біз алғаш рет алғыс білезіктерін енгіздік. Бұл біздің еріктілердің ризашылық білдірудің ерекше тәсілі болды. Сондай-ақ скандинавиялық жүру бойынша жаппай Қазақстанның рекордын орнаттық. Біз барлық қатысушыларға, серіктестерге және еріктілерге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз. Сіздерсіз маусым жарқын әрі есте қаларлық болмас еді», — деді » Алматы Марафонының » race-director Салтанат Қазыбаева.
Сity Run – бұл қаланың дәл ортасында өтетін маусымның соңғы жүгірісі. Жүгіру әуесқойлары үшін екі қашықтық ұсынылды – 10 км және 5 км скандинавиялық серуендеу. Мәреге жеткендердәің барлығына медаль берілсе, 1 орын алған әуесқой спортшыға – 80 000 теңге, 2 орынға – 60 000 теңге, 3 орынға — 40 000 теңге ақшалай жүлде берілді.