Қазақстанға Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев келді

Астанаға Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев келді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. 

Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Ильхам Әлиев 3 қарашада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады», -делінген хабарламада.

Ильхам Әлиевті елорда әуежайында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов күтіп алды.

Айта кетейік, саммитке Әзербайжан Президентімен қатар Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Мажарстан және Түрікменстан басшылары қатысады.