Йемендік хуситтердің өкілі Яхья Сария өз халқының Израильге соғыс жариялауды қолдайтынын және жау территориясына жаппай зымыран мен ұшқышсыз шабуылдар жасалғанын айтты, деп хабарлайды Qazaq.today Orda.kz-ке сілтеме жасап.
«Йемен Израильге ресми түрде соғыс жариялады» деген хабар жаһандық ақпарат кеңістігін дүр сілкіндірді. Шындығында, елдегі билік партиясын, хуситтер құрған Ансар Алланы әлем қауымдастығы қабылдамады. Йемендегі қарулы қақтығыс 2014 жылдан бері жалғасып келеді. Хуситтер президент Абд-Раббу Мансур Хадиді қолдайтын елдер коалициясына қарсы соғысуда. Сонымен бірге хуситтер ел астанасын да өз бақылауына алды.
Израильге соғыс жариялау туралы мәлімдемені «Ансар Аллах» партиясының өкілі жасады. Оның айтуынша, әскери операция «жаншылған Палестина халқын және олардың жауынгерлік қарсылығын» қолдауға бағытталған. Бұған қоса, хуситтер Израиль аумағына ұшқышсыз ұшақтар мен баллистикалық зымырандық шабуылдар жасап үлгерді.
Qazaq.today