АрселорМитталға қарасты шахталар уақытша жұмысын тоқтатты

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ компаниясына тиесілі 8 шахтаның жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Qazaq.today.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметінде барлық шахталардың жұмысы тоқтатылғанын растады.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің шахталарының жұмысы алдағы тәулікте тоқтатылды.  Осы уақыт ішінде газды қорғау бойынша тексерулер жүргізіледі», — деп хабарлады АМТ баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бүгін Костенко шахтасындағы жарылыстан 28 кенші қаза тапты. Әлі 18 кенші іздестіріліп жатыр.

Qazaq.today