29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен және туған-туыстарымен кездесіп, көңіл айтты.

Президент апаттың мән-жайын анықтау, кеншілерді құтқару және зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына шұғыл көмек көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді. Мемлекет басшысы ертең, яғни 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялайтынын айтты – делінген акпаратта.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысындағы шахтадағы жарылыстан 7 адамның мәйіті табылғанын хабарлаған болатынбыз. Қазіргі ақпарат бойынша қаза тапқандардың саны 16-ға жеткен.

Осыған байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды

Дереккөз: halyq-uni.kz

Qazaq.today