Республика күніне арналған акция аясында«Медеу» биік таулы кешенінің алаңында биіктігі 40 метр мемлекеттік туды көтеріліп, әнұранорындалды.
Іс-шараға Алматы әкімі Ерболат Досаев, қоғамқайраткерлері, мәслихат депутаттары, ҮЕҰ өкілдері, қала жастары қатысты.
Республика күніне арналған іс-шара «Медеуде»қазақстандық эстрада әртістерінің қатысуыменөткен концертпен жалғасты. Сахнада МұқасанШахзадаев, Мақсат Базарбаев, Інжу Әнуарбек, Абай Бегей, Асхат Тарғын және Индира Елемесөнер көрсетті.
Сонымен қатар, Республика күні Алматыдабірқатар басқа іс-шара ұйымдастырылды:
— Жібек жолы даңғылында, Панфилов пен Бәйсейітова көшелерінің арасында сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін қолөнершілер жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде Қазақстан, Өзбекстан жәнеҚырғызстан шеберлерінің қолдан жасалғанбұйымдары ұсынылады.
—10:00-ден 18:00-ге дейін Абай даңғылы, 159 мекенжайындағы спорт-жаттығу кешеніндешағын футбол, волейбол және дзюдодан, соныменбірге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да үстел теннисіжәне қазақ күресінен спорт фестивалі өтеді.
— Сағат 14:00-де «Көк—төбе» саябағында«Алматы әуендері» шығармашылықұжымдарының қатысуымен «Жасай бер мәңгі –Қазақстан» атты мерекелік концерт өтеді.
— Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында15:00-ден 18:00-ге дейін қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысатын қазақ күресінен «Өнербарысы» турнирі өтеді.
—Сағат 16:00-де Қазақ мемлекеттік циркіндеРеспублика күніне және атақты клоун жәнесиқыршы Кәрім Мұтырғановтың 70 жылдығынаарналған бенефис ұйымдастырылады.Акробаттар, әуе гимнасттары, жонглерлер, эквилибристер, иллюзионистер мен сайқымазақтаршоу-бағдарлама көрсетеді.