Республика күніне орай білім ошақтарында Қазақстанның әнұранын орындау челленжі басталды, деп хабарлайды Qazaq.today.
Соған орай Алматыдағы № 205 жалпы білім беретін мектепте оқушылар әнұран шырқап, мемлекеттік ту көтерілді.
Мерейлі мереке құрметіне арналған «Патриотизм дауысы» іс-шарасы өткізілді. Оған барлық ұстаздар мен оқушылар атсалысты.
Аталмыш іс-шара 13 жылдан кейін халықпен қайта қауышқан ұлттық мерекенің маңызын арттырып, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыруды мақсат тұтады.
Qazaq.today