Алматыда Құтқарушылар күні аталып өтті

Алматы қаласы ТЖД-да Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күніне арналған салтанатты жиналыс өтті, деп хабарлайды Qazaq.today.

Іс-шараға қатысушыларға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Сырым Дүйсенғазыұлы Шәріпхановтің құттықтау бейне ролигі көрсетілді.

Азаматтық қорғау органдарының дамуына үлес қосқан қызметкерлері мен ардагерлеріне Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен ведомстволық медальдар мен алғыс хаттар табыс етілді.
Алматы өртке қарсы қызмет гарнизонының үрмелі оркестрі ұйымдастырған концертте жеке құрамның сүйікті әндері мен музыкалық композициялары орындалды.

«Бүгінгі таңда Алматы қаласы тұрғындарын төтенше жағдайлардан алдын алу және жою – біздің қасиетті борышымыз. Министр тапсырғандай трансформациялау шеңберінде халыққа қауіпсіздік іс-әрекеті ережелерін, қауіпсіздік мәдениетін арттыру біздің басты мақсатымыз», — деп атап өтті Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев.

Ардагерлер төрағасы Ли Александр Михайлович, Әділбеков Ералы Қасымханұлы жеке құрамға ізгі тілектерін білдірді.
1989 жылғы 20 мамырда Алматы-2 Теміржол станциясының кіреберіс жолдарында пропан цистернасының жарылуы салдарынан Алматыны жойқын жарылыстан, өрттен құтқарған тоғыз өрт сөндірушіні еске алу үнсіздік жарияланды.

Батырларға және әріптесіміз Арслан Құрманбековке арнап әріптестер «Ұлан Ерлерім» атты әсерлі ән орындады.

Музыкалық нөмірлерді 19-МӨСБ өрт сөндірушісі Нұржан Балтабаев, Дидар Мейрамбеков «Сағым дүние» әндерін орындады. Отарбаев Бауыржанның 101 қызметі бастығының қызы Алуа құтқарушыларға «Алға» музыкалық нөмірін арнап әсерлі орындады.
Салтанатты шара естелік суретке түсірумен аяқталды.

Qazaq.today