«13 медаль»: 12 жастағы қазақ баласы 4 жылда әлем чемпионы атанған  

Алматыда 7 сынып оқушысы небәрі төрт жылдың ішінде әлем чемпионы атанған. Исмаил Батырбекұлы  Алматы қаласындағы №37 жалпы білім беретін мектептің  «7 «Б» сыныбында оқиды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.  Жас спортшының сабақ үлгерімі де жақсы. Ол бүгінде өзінің қатарластарына намыс пен талмас еңбектің арқасында  жетістікке жетудің жарқын үлгісін көрсетіп жүр.

Исмаил 2018 жылдан бастап Алматы қаласында орналасқан «Roller  BJJ Academy» мектебінде Бразилиялық Джиу-Джитсу спорт өнерімен айналысады. Төрт жылдың ішінде Исмаил сексенге жуық қалалық, облыстық, Республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып өз салмағында жүлделі орындарға қол жеткізді. Атап айтқанда:

  • 2019 жылы Ташкентте өткен Азия чемпионатында (AIGA Asia Open 2019 kids) – екі күміс медаль;
  • 2019 жылы Алматыда өткен чемпионатында (AGS, ‘KOKTEM OPEN’: KIDS, brazilian jiu-jitsu (gi)) – алтын медаль;
  • 2021 жылы Қарағандыда өткен ашық Республикалық турнирде (Ju-Jitsu Oralady 2021) – екі қола медаль;
  • 2021 жылы Алматыда өткен қала чемпионатында – қола медаль;
  • 2021 жылы Ақтөбеде өткен ашық қала чемпионатында – екі алтын медаль;
  • 2021 жылы Ресейде, Мәскеуде өткен турнирде (Moscow Gymnasium Cup XX) – алтын медаль;
  • 2021 жылы БАЭ, Абу-Дабида өткен Әлем чемпионатында – қола медаль;
  • 2022 жылы Өскеменде өткен Республикалық турнирде – алтын медаль.
  • 2023 жылы Талдықорғанда өткен турнирде (Грэпплинг UWW) – қола медаль;
  • 2023 жылы Алматыда өткен қала чемпионатында — күміс медаль ;

«Исмаилдың өмірінде спортқа, оқуға, тәрбиеге үлкен септігін көрсетіп отырған әрине ата-анасы. Ұлының мемлекеттік және халықаралық деңгейде үлкен дәрежеде өнер көрсетуіне сенімі мол», -дейді мектептің басшылығы.