Азия ойындарына қатысқан спортшыларыдың алғашқы легі Қазақстанға оралды

Бүгін Алматы халықаралық әуежайына  Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарына қатысқан 50-ден астам спортшы ұшып келді, деп хабарлайды Qazaq.today туризм және спорт министрлігіне сілтеме беріп. 

Олардың арасында Азия ойындарында бессайыстан алғаш рет Олимпиада лицензиясын жеңіп алған Елена Потапенко мен Георгий Борода-Дудочкин бар.

Әзірге спорт сайысының төрт күндік нәтижесі бойынша еліміздің спортшылары 2 күміс, 7 қола жүлде алды.

Айта кетейік, Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындары 8 қазанға дейін жалғасады.

 

Qazaq.today