Алматыда шетелдік туристер ағыны бірден 73 пайызға өскен

Алматыда шетелден келетін туристердің саны көбейді. Тек биылдың өзінде шетелдік турситер ағыны бірден 73 пайызға көбейген, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.  Алматы қалалық туризм басқармасының мәліметінше, жарты жылда мегаполиске 260 мыңнан атсам адам келіп кеткен.  

«2023 жылы бірінші жарты жылдықта қалаға келуші шетелдік туристер саны 72,6 пайыз (261,6 мың адам) болған», — деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар ішкі туристер ағыны да едәуір өсіп, 24,6 пайызға (710,6 мың адам) жеткен.

«БАӘ, Катар, Кувейт, Иран, Үндістан, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания және Германиядан келген шетелдік туристер ағынының өскені байқалады», — делінген әкімдіктің хабарламасында.

Жыл соңына дейін Алматыға келетін шетелдік туристер саны 500 мыңға жетеді деп болжануда.