Sorting by

×

«Алматы туризм бюросы» қаланы әлемдікдеңгейде ілгерілету бойынша жұмысты жандандырады

Алматы қаласының туристік ақпараттықорталығы «Алматы туризм бюросы» (AlmatyTourism Bureau) болып қайта құрылды. ҰйымАлматыны туристік дестинация ретіндеілгерілетуге көшу арқылы мақсаттар мен міндеттер аясын кеңейтеді. Халықаралықтуристік байланыстарды кеңейту және бүкіләлемде Алматыға деген қызығушылықты арттырубойынша жұмыс жандандырылуда.

Алматының Туризм бюросының қатысуыменжақында Алматы халықаралық әуежайындағыпаспорттық бақылау аймағындағы кабиналаржаңартылды, онда қазір келген қонақтардыәлемнің тоғыз танымал тілінде: қазақ, орыс, ағылшын, араб, қытай, француз, итальян, түрікжәне корей тілдерінде қарсы алады. Ыңғайлынавигация үшін орталық қала қиылыстарында 52 ақпараттық тотем орнатылды, онда картаданбасқа танымал туристік бағыттар туралыақпараттар бар.

Алматының туристік әлеуетін дамытубойынша жұмыс аясында биыл көлік тораптарықызметінің қызметкерлері және туристерментікелей өзара іс-қимыл жасайтын сала мамандарыағылшын тілі және қонақжайлылық негіздерібойынша оқытудан өтеді. «Kazakh Tourism «ҰК» АҚ» — мен бірлесіп туристік қызметтер көрсетусапасын арттыруға бағытталған және үш негізгібағытта-туроператорлық қызмет, орналастыруорындары мен тамақтану пункттерінде жүзегеасырылатын «Сапа белгісі» бағдарламасы іскеасырылуда. «Сапа белгісі» ұлттық стандарттарғанегізделген бағдарлама талаптарына сәйкескелетін ұйымдарға беріледі.  Келесі кезеңдеRecommended by Visit Almaty өңірлік стандартыненгізу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Visit Almaty – Алматы қаласыТуризм басқармасымен бірлесіп Almaty TourismBureau белсенді түрде насихаттайтын қаланыңтуристік бренді. Туристерге ыңғайлы болу үшінқалада Visit Almaty 10 ақпараттандыру нүктесіжұмыс істейді, онда қызықты турлар, бос уақытты  дұрыс өткізу бойынша ұсынымдар жәнеАлматы және оның айналасы туралы басқа да пайдалы ақпараттар кәсіби кеңестер, оның ішіндекарталар, жолсілтемелер, тау бағыттарыныңатластары, туроператорлардың брошюраларыналуға болады.

«Алматы Туризм бюросының» басшысыКамила Лұқпанова ресми ашылу барысында, «Егер бұрын туристік ақпараттық орталықнегізінен ақпараттық-консультациялық сипаттаболса, енді Almaty Tourism Bureau туризм саласындағы соңғы үрдістерді ескеретінмаркетингтік коммуникацияларға баса назараудара отырып, дестинацияны ілгерілетужөніндегі нағыз жобалық кеңсеге айналды», — депхабарлады.

Almaty Tourism Bureau үшін шетелдегітуристермен және серіктестермен неғұрлымтиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшінонлайн мүмкіндіктерді кеңейту де шешуші рөлатқарады. Әлемдік БАҚ-пен өзара іс-қимыл, Халықаралық конгресстер мен конференцияларқауымдастығымен (International Congress andConvention Association, ICCA) әріптестік белсендіжүргізілуде. Бюро Алматыдағы бастамаларды/іс-шараларды жан-жақты қолдайды (журналистика күні, Toyla music festival, «Алматы марафоны», қала күні, Arba Wine егін жинау мерекесі, фестивальдар мен концерттер).

Бюро жұмысының негізгі көрсеткіштеріқайта-қайта оралғысы  келетін саяхатшылар үшінжайлылықты, қауіпсіздікті және жарқынәсерлерді қамтамасыз ету.

Естеріңізге сала кетейік, «Алматы қаласыныңтуристік ақпараттық орталығы» 2017 жылықұрылған болатын. 5 жыл ішінде 10 ақпараттықнүкте ашылды, онда 100 мыңнан астам туристке қызмет көрсетілді. 2019 жылдың соңында ұйыммиллионыншы туристпен кездесті. ТИЦ іріхалықаралық көрмелерге және іс-шараларғақатысып, Asia’s Leading city Break Destination2019: Almaty, Kazakhstan номинацияларыбойынша world Travel Awards 2019 халықаралықбайқауында жеңімпаз атанды. Жоғарыдақабылданған шаралар туристік ағынның 2 еседенастам өсуіне әсер етті.