Шымкент қаласында жоғалған 6 жасөспірім табылды. Барлығы 15 және 16 жастағы жасөспірімдер. Олар аман-есен үйлеріне жеткізілді.
Олардың ата-аналары балаларының отбасындағы жанжалдан кейін үйден кетіп, қайта оралмағаны туралы полицияға хабарлаған еді. Тәртіп сақшылары полицияға хабар келісімен, екі ұл мен төрт қызды тауып, аз уақытта аман-есен үйлеріне жеткізді. Мектеп оқушыларының бірі көшеде жүрсе, екіншісі жолдастарының үйінде қонақта болған. Тағы бір жасөспірім бір қызға ғашық болып, бірақ анасының оған қызбен кездесуге тыйым салғанын айтты. Үйден кетіп қалған тағы бір қыз ата-анасынан бөлек тұрғысы келгенін жеткізді. Тағы біреуі: «Достарынның ата-аналары кешке дейін сыртта жүруге рұқсат берсе, маған рұқсат бермейді», деп әрекетін түсіндірді.
Полиция қызметкерлері жасөспірімдермен және олардың заңды өкілдерімен әңгімелесті. Өз кезегінде ата-аналар полиция қызметкерлеріне жедел өтінішке немқұрайлы қарамағаны үшін шынайы алғыс білдірді.
Qazaq.today