Инженерлік ойлау балабақшадан басталады

Алматыда «Техникалық және шығармашылық ойлау контекстіндегі мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің маңызы» атты ғылыми-практикалық семинар өтті.

Балаларға техникалық және инженерлік ойлауды ерте жастан үйрету қажет дейді сала сарапшылары.

Ерте робототехника бойынша осындай бірегей әдістемені «Four Angles» өнертапқыштар компаниясы дамытып жатыр. Бұл әлеуметтік кәсіпкерлік.

Бұл әдіс мектеп жасына дейінгі балалар үшін өзекті және ерте жастан бастап моториканың дамуына ықпал етеді дейді Алматы қаласы Білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің бастығы Әлия Сағиева.

«Моториканы  дамыту, бәріміз жақсы білеміз, кішкентай баланың толық физикалық жетілуін дамытудың негізгі аспектілерінің бірі. Бұл әдістеме ерекшеліктерінің бірі ойын арқылы жүзеге асырылатын ойын тәсілін қолдану. Балалар ойын процесінде, бір-бірімен және ересектермен қарым-қатынаста дамиды. Бұл әдістеменің басымдығы. Балаларды ерте дамыту институты жыл сайын «Мен зерттеушімін» конкурсын өткізеді және біз «Four Angles» жетістігі конкурстың республикалық кезеңіне қатысады деп болжаймыз», – деп атап өтті Әлия Сағиева.

Инженерлік ойлаудың маңызын Қазақстан машина жасаушылар одағының мүшесі Алексей Беклемишев айтты.

«Біз машина жасаушылар осындай әдістемені ерте жастан бастап енгізу өте қажет деп санаймыз. Өйткені егер баланың инженерлік ақыл-ойы болса, онда ол жақсы инженер болады. Президент біз болашаққа үлес қосып, қайта өңдеуге басымдық беруіміз керегін бірнеше рет айтты. Яғни, машина жасау — қайта өңдеудің үлкен бөлігі саналатын индустрия салаларының бірі», – деп атап өтті спикер.

«Біз кезкелген деңгейдегі қызметкерлердің дағдылары, соның ішінде инженерлік-техникалық ойлау қабілеті жетіспейтіндігіне тап болдық. Егер көптеген адам функционалды ойлауды, техникалық ойлауды дамытқан болса, онда үй құрылысында мұндай өрескел қателіктер болмас еді, тротуар ортасына ағаш өспес еді,  жолдың арасында бағана болмас еді, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған лифт түймелер қолжетімді болар еді», – деп санайды робототехника қауымдастығының өкілі Айжан Жекеева.

Сарапшының айтуынша мұндай қарапайым нәрселер ми қыртысының тереңінде дамиды. Және балабақшадан басталады. Петропавл қаласының «Балдәурен» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Мадина Дарбаева робототехниканың дамуына кедергі келтіретін бірқатар мәселені атады.

«Менің ойымша, екі маңызды кедергі бар. Біріншіден, біздің 514 бұйрығымызда техникалық бағыттағы фестиваль жоқ. Бұл мәселе оңай шешіледі. Ол үшін сіздің ұйымдарыңыздың қолдаухаты және мамандардың, ерте даму институты, мектепке дейінгі білім департаменті, «Атамекен» ӨКП басшылығының көмегі қажет. Екінші мәселе – біз қолданатын жұмыс жиынтықтарының қымбаттығы. Бірақ ол да түзетілетін нәрсе. «Four Angels» нұсқаулығының арқасында біздің балалар орта мектеп жасына дейінгі балаларға арналған жаңа конструкторды сынақтан өткізуге мүмкіндік алды», — деді ол. 

Нұрлан Байтыманов Алматы қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына стартапты дамыту үшін 2 млн теңге көлемінде мемлекеттік грант алғаны үшін алғысын білдірді.

«Бүгін Палата менеджерлерінің сүйемелдеуімен мен мемлекеттік грант алдым. Қазір біз мектепке дейінгі білім беру саласында әдістемемізді тарата алдық», – деді спикер.

Семинарға Алматы қаласының мемлекеттік балабақшаларынан 124 меңгеруші қатысты. Сондай-ақ, Білім министрлігі, Алматы қаласының ӨКП, әкімдік, Робототехника қауымдастығының өкілдері де келді.