«370 млн теңгесі жымқырылғанАлматыда «Еңбек» бағдарламасына бөлінген қаржының

Алматыда Еңбек» бағдарламасына бөлінген қаржыны ірі көлемде жымқырған. Алматы қаласының прокуратурасы соталды тергеудің басталғанын хабарлады. Қаржы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында ұрланған. Тексеру қорытындысы бойынша «Еңбек» бағдарламасы арқылы халықты жұмыспен қамтамасыз етуге бюджеттен бөлінген қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today.

«Жұмыспен қамту орталығының мамандары азаматтарды жалған жұмысқа орналастыру, жалақыны жинау және жұмысқа орналастыруға жатпайтын адамдардың есеп шоттарына ақша аудару арқылы, жұмыс орындарын субсидиялауға бөлінген 370 млн теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдіктелді», — делінген ведомство хабарламасында.

Қылмыстық істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр.

 

Qazaq.today