Sorting by

×

«Білім алуға барлық жағдай жасалған»: Алматыда ата-аналарға ашық есік күні өтті

Алматыдағы №205 ЖББ мектепте «Ашық есік» күні өтті. Ата-аналар 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарының негізінде 16 қыркүйек күні Алатау ауданының «Томирис» ықшам ауданында бой көтерген жаңа №205 мектепке келді. 140 ұстаз бен 2000-ға жуық оқушысы бар білім ордасы ата-аналар мен қонақтарға есігін айқара ашты, деп хабарлайды Qazaq.today.

Шараға ата-аналар, қамқоршылық кеңес мүшелері қатысты. Шараның мақсаты мектеп пен ата-аналар арасында ынтымақтастық байланысты нығайта отырып, ата-ана қауымдастығын мектеп өміріне белсене араласуға тарту. Ашық есік күні қонақтарды қарсы алу, тіркеу, түстерге бөлінген буклеттер таратудан басталды.  «Күмбірле күйім» үйірмесінің талантты оқушылары «Балбырауын» күйімен келген қонақтардың құлақ құрышын қандырды. Балаларының мектептегі тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысуға әжелер  де қызығушылық танытты.

Мектептегі баласының бір күндік өмірімен танысу, ата-аналардың қалауы екені белгілі. Мектеп директоры Даулетова Гулнара Арыстанқызы қонақтарға құттықтау сөзімен жылы лебізін білдіріп, ата-ана баласының оқуына, жетістікке жетуіне үнемі қолдау көрсетіп отыру керек екенін айта кетті.

«Мектеп, ата-ана, оқушы — үштік жүйе деп атауға болады. Себебі, ата-ана болмаса балалар біздің мектепті таңдамас еді. Әрбір ата-ананың арманы баласын өмірге жақсылап дайындап, биіктен көру. Ол үшін осындай заманауи жабдықталған мектепте жақсы оқуына мүмкіндік беру. Ата-аналар бұл мектепті ұзақ жыл күтті. Бүгінгі күні үйірмелердің түр-түрі бар. Балалардың жоғары білім алып, жан-жақты дамуына мемлекет, қала әкімдігі тарапынан мүмкіндік жасалып отыр. Мектепте бастауыш сыныптың барлық оқушыларына ыстық тамақ тегін беріледі», — деді мектептің бас ұстазы Гүлнар Арыстанқызы.

Мектеп өзге оқу орындарына қарағанда өзгеше салынған. Сыныптар соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтылған. Екі спорт залы, заманауи үлгідегі асхана, кітапхана мен коворкинг аймақтар, ойын алаңдары мен оқушылардың мектепке келіп, кетуін қамтамасыз етуін School Вus арнайы автобустары бар. Осыларды халыққа етене таныстыру. Ата-аналар мектептің пәндік кабинеттерін 3D форматта заманауй жабдықталуын тамашалады. Әсіресе, қазақ тілі мен әдебиетінің Ахметтану, Абайтану, Мұқағалитану кабинеттері сондай-ақ, қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, физика, музыка кабинеттерінің жаңаша үлгіде жасалған ерекшеліктерін спикер оқушылар таныстырды. Заманауи кітапханада оқушыларға қолайлы жағдай жасалынған. Бала кітапты оқып қана қоймай, интер белсенді тақтасы арқылы қажет ақпаратты тамашалап, оны дер кезінде алу мүмкіндігіне ие. Мектеп қонақтары соңғы үлгідегі станоктар, ұлдарға арналған шеберханалар, ал қыздарға тігін машиналарымен қамтамасыз етілгенін, мектептің спорт және тренажер залдарында балалар заманауи спорттық снарядтармен айналыса алатынын көрді. Балалардың бос уақытын тиімді өткізу мен қызығушылығына орай мектепте 18 үйірме, 9 спорттық секция жұмысы жүргізіледі. Осы орайда көрмеге қойылған балалардың қолдан жасаған туындылары мен жұмыстарына ата -аналар тәнті болды.

«Ашық есік» күні алған әсерлерімен ата-аналардың пікірін  білу мақсатында  кері байланыс  өткізіледі. Мектептің өмірімен бір сәт тыныстап, тіршілігімен танысты. Мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қауымына өз ризашылықтарын білдірді. Ата – аналар өз қалауларымен пән мұғалімдеріне, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне сұрақтар қойып, жауаптарын алды», — деді тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Жанна Жетенова.

Мектептің өмірі, тыныс-тіршілі ата-аналар көңілінен шықты. Олар балалардың алаңсыз білім алуына көз жеткізді.

«Мен 5 в сынып оқушысы Бекисламқызы Эсманың анасымын. Баламды осы мектепке бергеніме ризамын. Мектеп көңілімнен шығады балаға деген барлық жағдай қарастырылған. Әсіресе, асханасы үлкен және тағамдарыда дәмді. Баламның мектепте алаңсыз білім алатынына көз жеткіздік. Біздің де көңілімізден шығып отыр мектептің өмірі», — деді ата-ананың бірі.

 

Qazaq.today