Sorting by

×

Алматыда «Мамонт жері» этно-шоуы өтті

Якутия мемлекеттік циркінің кәсіби мамандары 15 қыркүйекте Алматыда өнер көрсетті. Қала күніне орай ұйымдастырылған шараның пресс-конференциясына Якутияның мәдениет министрі Куприянов Юрий, Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Мулюкова Найля, Якутия мемлекеттік циркінің директоры Сергей Расторгуев арнайы қатысты, деп хабарлайды qazaq.today тілшісі.

«Мамонт жері» этно-шоуы Алматыға арнайы Якутияның мәдени құндылықтарын нығайту мақсатында гастрольдік сапармен келді. Шоу бағдарлама 30 адамға есептелген. 600-ден астам эксклюзивті костюмдер шығарылады. Якутия Республикасының Мәдениет және рухани даму министрі Юрий Степанович Куприяновтың айтуынша, цирктің ең маңызды жоспары – якут халқының мәдени дәстүрлерін насихаттау, Қазақстан мен Якутия арасында мәдени қарым-қатынасты нығайту.

Сондай-ақ, министр екі ел арасындағы рухани құндылықтарды дамыту мақсатында цирктер мен киностудиялар арасында келісімшарттар жасалатынын айтты.

«Марфа және Сергей Расторгуев» атындағы Якутия мемлекеттік циркінің» директоры Сергей Васильевич Расторгуев цирк, гостролдік сапармен Астана, Шымкент қалаларында өнер көрсетеді. Ал, 2024 жылдың мамыр айында Қарағанды қаласында болатынын айтты.
Якутия циркі бүгінгі қойылымы жарымжан, балалар үйінің жеткіншектері мен қарттар үйінен келген азаматтарға арнап, қайырымдылық ретінде тегін көрсетті.