«17 млн теңге айыппұл» — Таразда оқушылар полицияға жалған хабар берген

Таразда оқушылар мектепке  бомба қойылғаны туралы полицияға жалған хабар берген, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап. 

Тәртіп сақшыларының айтуынша, егер оларға 10 млн теңге төленбесе, балалар мектепті жарып жіберетіндерін мәлімдепті.

Жамбыл облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының және Тараз қалалық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жалған ақпарат берген сегізінші сыныптың екі оқушысын анықтады.

Оқушылардың ата-аналары жауапкершілікке тартылды, олар 17 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Айта кетейік, бұдан бұрын өзінде бомба барын айтқан жолаушы Астана әуежайындағыларды аяғынан тік тұрғызды.

 

Qazaq.today