Стадионда тегін таратқан туды сатып жатыр

Спорт журналисі Ермұхамед Мәулен азаматтардың хабарландыру сайттарында Қазақстан туын сата бастағанын айтты, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Нұрлан Қоянбаев (әзілкеш – ред.) біздің құраманы қолдау үшін 20 000 ту сатып алды. Сол туларды екінші ойында таппай қалдық! Кейбіреулер оларды ақшаға сату үшін 6-7-еуден алып кеткен», – деді Мәулен.

Әлеуметтік желі қолданушылары қазақстандықтардың мұндай әрекетіне наразылық білдірді.

 

«Қазақстанда ештеңені тегін бермеген дұрыс»

 

«Ұят, масқара»

 

«Адамдар есінен адасқан», – деп жазды желідегілер.

 

Qazaq.today