Түркияда көлік апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың денесі елге жеткізілді

Түркияда қаза тапқан Қазақстан азаматтарының денесі елге жеткізілді. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq Uni -не сілтеме жасап. 

Қазақстанға отбасы мүшелерінің денелері жеткізілді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Екі көлік жүргізушісіне қатысты тексеріс жүреді. Жергілікті түркиялық компанияларымен келіссөздер жүргізіп, бағасы бойынша келістік. Біздің консул түркиялық құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста,- деді ресми өкіл СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Айбек Смадияров шетелдегі қазақстандықтарды сақ болуға шақырды.

Еске сала кетсек, 4 қыркүйекте Анталида ірі көлік апаты болып, Қазақстан азаматы Арайлым Бағытжан мен баласы көз жұмды. Кейін оның күйеуі ауруханада қайтыс болды. Тек 9 жастағы ұлы тірі қалды.

 

Qazaq.today