Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлемені төмендету туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz -ке сілтеме беріп.
Ғалымжан Пірматовтың тұсында экономистердің кейбірі базалық мөлшерлемені төмендету керек деген еді. Қазір ҰБ басшылығына келген Сүлейменовтың позициясы қандай? Бұл сұраққа Сүлейменов былай дейді.
«Біздің экономикамыздың ең қауіпті процес – инфляция. Онымен күресумен қатар, төмендету керек біріншіден. Ол талап бар болса, мөлшерлемені төмендетуге болады. Егер президенттен келісім бар болса, бірнеше аптадан кейін (…) Мен сіздерді жеке шақырып сұхбат берем», — дейді ол.
Айта кетейік, тамызда Ұлттық банк 3 жылда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендеткен болатын.
Qazaq.today