«Жұмыс істемей 90 миллион теңге жалақы алған» — Атырау облысында мектептің 41 қызметкері тексеріліп жатыр

12 мектептен жұмыс істемейтін 41 адамға 90 млн теңге жалақы аударылған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлайды.

Агенттіктің Атырау облыстық департаменті Превенция басқармасының басшысы Жәнібек Қаражановтың айтуынша, білім саласында сыбайлас жемқорлық бар.

«Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа сыртқы талдау жүргізілді. Нәтижесінде, 10-ға жуық дерек анықталды. Осыған байланысты 26 ұсыным енгізілді. Атырау облысындағы 12 мектепте іс жүзінде жұмыс істемейтін 41 адамға жалақы аударылған. Шамамен 90 млн теңге шығын келген», – дейді Жәнібек Қаражанов.

 

Qazaq.today