Қазақстан футболының 110 жылдық мерейтойына орай Қазақстан футбол федерациясы Olimpbet-пен бірлесіп ұйымдастырып отырған «Футбол Жолы» спорт фестивалі өзінің салтанатты шеруін жалғастыруда, деп хабарлайды Qazaq.today.
Сенбі, 19 тамызда «Футбол жолы» фестивальдік туры өзінің төртінші аялдамасын жасады. Шілде айының соңында Шымкентте басталған мереке, кейін Ақтау мен Атырау тұрғындарына қуаныш сыйлап, енді міне Оралға да жетті. Мұнда ол шын мәнінде стадиондық масштабқа ие болып, «Ақжайық» ФК стадионында өтті.
Жоғарыдағы қалаларда да өзін сәтті көрсеткен фестивальдің бай бағдарламасы оралдықтардың алдына да бар сән-салтанатымен шықты. Шараның қонақтары Қазақстанның үш басты трофейі – чемпиондық тондо, кубок және суперкубокпен суретке түсу мүмкіндігін алды. Әрине, кәсіпқой футболшылар да болды. Фестиваль күні «Ақжайық» ФК-ның ойыншылары жанкүйерлерімен кездесіп, оларға қолтаңба берді. «Футбол жолы» алаңында футболдан фристайл бойынша шеберлік сабақтары өтті, ал қала тұрғындары әуесқой футбол турнирінде медальдар үшін таласты. Қатысуға 16 жастан асқан жастар жіберілді, олар алдын ала өз командасын фестивальдің footballfest.kz сайтында жариялады.
Музыкалық бағдарламада — үлкен қала іс-шарасының атмосферасын барабаншылар шоуы, диджей және қазақстандық эстраданың жұлдыздары қолдады. “Сердце под прицелом” және «Не любишь» хиттерінің авторлары, “101” тобы дәл стадионда өз концертін берді.
«Футбол Жолы» фестивалінде аттракциондар мен неше түрлі ойындары бар ойын-сауық аймағы жұмыс істейді. Соққы күшін өлшейтін — Силомер; «Тура гол» аттракционы; сонымен бірге кикер, киберзона және басқалары. Ойынға қатысушылар фестиваль күні жүлделерді тарату аймағында жақсы сыйлықтарға айырбастауға болатын арнайы токендарға ие болды.
Қала тұрғындарының сүйікті мекемелері фудкорт зонасында арнайы ас мәзірін ұсынды, оған жақын жерде жаздың аптап ыстығынан дем алып, салқындауға болатын чилл-аут аймағы болды.
Фестиваль турының кестесі:
26 тамыз — Ақтөбе
2 қыркүйек — Көкшетау
10 қыркүйек — Астана
16 қыркүйек — Семей
Qazaq.today