Түркістан облысында Сырдария суына түскен 11 адам батып кетті, деп хабарлайды Qazaq.today Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға Отырар ауданында болған.
Сырдария өзеніндегі автокөлік көпірінің маңында 11 адам суға түсуге арналмаған жерде суға түсіп, батып кетті.
«Бүгін Отырар ауданы, Сырдария өзенінің жағасына бір әулеттен шыққан 4 отбасының мүшелері демалуға келіп, соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Тұрғындардан адамдардың суға батқаны туралы хабарлама кешкі сағат 18-дер шамасында келіп түсті. Шомылуға келген 20 адамның 11-і суға батып кеткен. Оның 5-еуі балалар болса, 6-ы ересектер», делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары әзірге судан 8 мәйітті шығарды.
Қалған 3 адамның мәйітін іздеу жұмыстары жалғасуда.
Іздестіру шараларына жалпы 144 бригада, 16 техника, 6 жүзу құралы жұмылдырылды.
Qazaq.today