Шахтадағы температура 45 С°» – ТЖМ «Қазақстан» кенішіндегі соңғы мәліметті жариялады

Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазақстан» шахтасына қатысты соңғы ақпараттарды бөлісті. Бұл туралы министрліктің Telegram-дағы ресми арнасы хабарлады.

«Қазақстан» шахтасында сөндіру жұмыстары жалғасуда. Құрамында 28 тау-кен құтқарушысы бар КӘАҚҚ РШО бес бөлімшесі Д6 қабатының конвейерлік көмір беткейінде қалған өрт ошақтарын сөндіруде. Шахтадағы температура 45 С° құрайды», — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 17 тамыз күні «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты «Қазақстаy» шахтасында өрт болып, бес адам көз жұмды.

Аталған ұйым өрт кезінде қайтыс болған бес кеншінің аты-жөнін жариялады.

Сондай-ақ компания 20 тамызды аза тұту күні деп жариялады.

 

Дереккөз: halyq-uni.kz

Qazaq.today