Тараздық судья 2 млн теңге пара алды деп күдіктелуде

Тараз қаласының №2 сотының судьясының 2 000 000 теңге сомасында пара алғаны әшкереленді, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

«Судья сотталушыдан іс жүргізуде қылмыстық іс бойынша бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындағаны үшін ақшалай қаражат алды деп күдіктелуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 550-бабының тәртібімен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім берді», — деп хабарлады Антикор.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

 

Qazaq.today