Алматы қаласында заңсыз алынған жер учаскесі анықталды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.
2014 жылы Алматы шекарасын кеңейту нәтижесінде Алматы облысының жер учаскелерінің бір бөлігі қала құрамына енді.
Мысалы, Алматы облысы Қарасай ауданындағы 30,9 га жер учаскесі «Халықаралық клубтар қауымдастығы» ЖШС қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін алған. Алайда ЖШС жер учаскесінің кадастрлық құнын төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамаған.
“Прокуратураның талап-арызы бойынша Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жер учаскесі мемлекетке қайтарылды”, – деп мәлім етті Бас прокуратура.
Айта кетейік, 2008-2014 жылдар аралығында Алматыны Ахметжан Есімов басқарды.
Qazaq.today