Әнші Қайрат Нұртастың әкесі Тоқаевқа үндеу жасады

Әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков авиарейстің кешігуіне байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады. 

«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, менің сізге қоятын сұрағым бар. Қазақстандағы авиакомпаниялар біздің еліміздің заңына бағына ма, әлде олар тәуелсіз компаниялар ма? Мен білгім келеді. Бұл сұрақты қоюымның себебі: мен авиакомпания қызметтерін көп қолданамын», — деді Нұртас Айдарбеков әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, 10-11 тамызға қараған түні Астана-Алматы бағыты бойынша Air Astana ұшағы сағат 01.50-де ұшуы керек еді, алайда ол таңғы бесте қызметін бастаған. Ол жолаушылардан авиакомнаияның өкілдері кешірім де сұрамағанын атап өтті. Осыған байланысты әншінің әкесі кешігіп ұшқан.

Дереккөз: halyq-uni.kz

Qazaq.today