БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Батыс Қазақстан облысы сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Эльмира Қиматова есеп берді, деп хабарлайды Qazaq.today.
Оның айтуынша, 2023 жылдың біріншіжартыжылдығында департаментке 217 жазбаша өтініш келіп түскен, консультативтік көмек алу үшін 177 тұтынушы жүгінген, 282 қоңырау жедел желі телефоны арқылы келіп түсіп, 46 адам тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің телеграм-боты арқылы жүгінген. Азаматтардың өтініштерін қарау нәтижелері бойынша департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнама талаптарын бұзу фактілері бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне жоспардан тыс 11 тексеру жүргізді, тексеру нәтижелері бойынша 7 жағдайда әкімшілік іс қозғалды, кәсіпкерлік субъектілері келесідей жауапкершілікке тартылды: айыппұл салу — 2 жағдайда, ескерту жасалды — 5 жағдайда.
Сондай-ақ департамент тұтынушыларға сапасыз тауар үшін, сапалы тауар үшін ақшалай қаражатты қайтаруға, заңнамада белгіленген 14 күн мерзімде тауарды ауыстыруға жәрдем көрсетті. Тұтынушыларға ақшалай қаражатты қайтарудың жалпы сомасы 24 303 061 теңгені құрады.
Департамент сауда қызметін реттеу саласындағы заңнама талаптарын бұзу фактілері бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне жоспардан тыс 4 тексеру жүргізді, тексеру нәтижелері бойынша 4 әкімшілік іс жүргізу қозғалды, кәсіпкерлік субъектілері жауапкершілікке тартылды (ескерту жасалды). Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК 802-бабының тәртібімен 3 шағын кәсіпкерлік субъектісіне қатысты әкімшілік іс қозғалды, сатушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды (айыппұл салынды).
—Мүмкіндікті пайдаланып мемлекеттік органның «Батыс Қазақстан облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» ҚБ-мен бірлескен қызметі туралы ақпаратты тұтынушыларға жеткізгім келеді. Ағымдағы жылдың сәуір – мамыр айларында бірлестікпен РФ және БР өндірген сүт өнімдері (сүт, май) сатып алынды. Үлгілер ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ұлттық сараптама орталығының филиалдарына сүт өнімдерінің оның белгілі бір параметрлерге сәйкестігіне зерттеу жүргізу үшін тапсырылды. Сәуір айында іріктелген өнімдерді зерттеу нәтижелері сүт өнімдерінің 4 үлгісінің 3 үлгісі КО 022/2011 ТР «Азық-түлік өнімдерін таңбалау бөлігінде» талаптарына сәйкес келмейтінін көрсетті. Жазулар түрінде жазылған оралған тамақ өнімдерінің таңбалауында мемлекеттік тілде ақпарат жоқ. Зерттеу хаттамаларына сәйкес, сүт өнімінде сүт майының қышқылдық құрамы көрсеткіші бойынша анықталған концентрация Техникалық регламентте белгіленген нормативтік көрсеткіштерге сәйкес келмейді. Қоғамдық бірлестік зерттеу нәтижелерін департаментке жолдады. Департамент сатушылардың атына ұсынымдар жіберді. Қазақстан Республикасы мен Батыс Қазақстан облысының аумағында осы сүт өнімдерін әкелуге және сатуға болмайтындығын ескертті. Сонымен қатар БҚО Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз жіберілді. Техникалық регламентке сәйкес келмейтін өнім сатудан шығарылды. Талап қоюды жолдау нәтижелері бойынша департамент кәсіпкерлік субъектісімен келісімге қол қойды: сатушы стандарттарға сәйкес келмейтін өнімді сатпауға міндеттенді, — деді Э.Қиматова.
Qazaq.today