Суға шомылу маусымы басталғанына орай ТЖД ескерту жасады

Суға шомылу маусымы басталғалы елімізде 78 адам суға батып кеткен, оның 21-і бала. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Доспаев мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today.

«Судағы адамдардың алдын алу мақсатында ТЖ Департаменті жергілікті атқарушы және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп кешенді жұмыс жүргізуде. БҚО аумағында барлығы 26 жағажай анықталды, оның 4-і ағымдағы жылы құрылды. Қазіргі уақытта 23 жағажай жұмыс істеп отыр, қалғандары барлық дайындық шаралары өткізілгеннен кейін ашылады деп жоспарлануда. Барлық 20 жағажайдың түбі ТЖ департаментінің құтқарушыларымен тексеріп тазартылды»,-деді Доспаев.

Оның дерегінше, облыста құтқарушылар күн сайын су айдындарының қауіпті және жабдықталмаған учаскелерін патрульдейді.

Жалпы, су айдындарында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін БҚО ТЖ Департаменті рейдтік іс-шаралар мен патрульдеу кезінде ауқымды жұмыс жүргізуде. Жыл басынан бері 703 рейд жүргізіліп, 25 мыңнан астам үгіт материалдары таратылған. Рейдтер барысында су айдындарында жүріс-тұрыс қағидаларын түсіндіріледі. Ақпараттық-профилактикалық жұмыс тұрақты түрде жүргізілуде.

ТЖД мына жағдайларда су айдындарына шомылуға рұқсат жоқ екенін ескертеді:

— «Суға түсуге тыйым салынады» деген белгілер орнатылған жерлерде шомылуға;

— жүзудің шекарасын белгілейтін қалқыбелгілерден кейін жүзуге;

— шағын көлемді кемелерге және басқа да жүзу құралдарына жүзуге;

— суға қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, жағажайлардан, табиғи құралымдардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан секіруге;

— жалған дабыл айқайларын беру;

— су айдындарында қауіпсіздік белгілерін өз бетімен жоюға (алуға), бүлдіруге немесе орнатуға жол берілмейді;

— суға кіруге және алкогольді және есірткіге мас күйде шомылуға;

— тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге;

— жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;

— су айдындарындағы қауіпсіздік белгілеріне, қалқыбелгілерге шығуға;

— балаларға ересектерсіз суға кіруге жол берілмейді.

Су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтаңыз, төтенше жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!

Фото: gov.kz

Qazaq.today