Кадрларда жігіт ер адамды екі-үш рет жұдырықтағаны, кейін егде жастағы адам жерге отыра қалғаны көрінеді. Кейін видеодағы жігіт белгісіз біреуге қарап қуанып, кетіп қалады, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
Желі қолданушылары видеоға ашық наразылықтарын білдірген. Пікір қалдырушылар жігітті тауып сазайын беру керегін айтады.
Ал Алматы Полиция департаменті мәліметінше, бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінде тіркелген. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.
«Осы қылмысты жасады деген күдікпен кәмелетке толмаған 2007 жылы туған Ж. ұсталды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды», — деді Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
Qazaq.today