Ұлытау облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменінің мәліметінше, қайғылы оқиға 27 шілдеде сағат 15:20 шамасында Жезқазған-Қарағанды тасжолында болған.
«Toyota 30 автокөлігі мен жүк көлігі соқтығысты. Соның салдарынан Toyota-ның жүргізушісі мен 4 жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды», — делінген хабарламада.
Аталған дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
«Полиция көлік жүргізушілерінің жолдағы сақтық шараларын естен шығармауды ескертеді», — деді ПД өкілдері.
Qazaq.today