Астанада бойжеткен көпірден секіріп кетпек болған

Елорданың сол жағалауындағы көпірдің төбесіне шығып алған қыз жерге түсірілді, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде министрліктер үйінің жанындағы көпірдің төбесіне шығып алған қыздың видеосы тарады. Кадрлардан қыздың қауіпті жерде отырғанын көруге болады.

Оқиға орнына бірден тәртіп сақшылары мен құтқарушы мамандар жеткен. Сондай-ақ, жедел-жәрдем қызметі де шақырылған.

Құтқарушылар тобы қыздың көпірден секіруіне жол бермей, қайғылы жағдайдың алдын алды.

Qazaq.today