Павлодарда туған анасын өлтірді деп күдікке ілінген ер адам іздестіріліп жатыр

Павлодарда туған анасын өлтірді деп күдіктелген ер адамға іздеу жарияланды, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, әйел адамның зорлық-зомбылық белгілері бар денесі пәтерінен табылған.

«Лермонтов көшесіндегі пәтерде ұрып-соғу түріндегі күштеп өлім белгілері бар 66 жастағы қожайынның мәйітін табу фактісіне қатысты ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі кезде сараптама тағайындалды.

«Қылмысқа марқұмның бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған ұлы қылмыс жасады деп күдіктелуде. Қазір оны ұстау бойынша жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», — деп нақтылады ПД өкілдері.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес оның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін адам қылмыс жасағаны үшін кінәлі емес деп есептеледі.

 

Qazaq.today