Каспий теңізіне кеткен үш адам іздестірілуде

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мен Полиция департаментінің қызметкерлері бірігіп, Ақтау қаласынан 51 шақырым жерде үрлемелі матраста ашық теңізге кеткен үш қызды іздестіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Qazaq.today.

Іздестіру жұмыстарына «Қазавиақұтқару» тікұшағы да тартылды. Іздестірудің  нәтижелері қосымша хабарланады. Әзірше қыздардың ашық теңізге қашан кеткені туралы мәлімет жоқ.

Дереккөз: halyq-uni.kz

Qazaq.today