Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері жалған шот-фактура жазумен айналысқандарды анықтады, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, нақты жұмыстарды орындамай, қызметтерін көрсетпей, тауарларды жөнелтпей, жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысқан 2 азаматтың әрекеті әшкереленген.
«Олар 2021 жылдың сәуірінен 2022 жылдың тамызына дейінгі аралықта жалпы айналымы 2,1 млрд теңгеден асқан 6 компания құрған, соның салдарынан мемлекеттік бюджетке салық түрінде 700 млн теңгеге жуық қаржы түспей қалды», — делінген ҚМА хабарламасында.
Сот үкімімен аталған тұлғалар қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Qazaq.today