Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жаманкөл ауылында төрт жасар баланы құтырған түлкі тістеп алған, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy.-не сілтеме жасап.
«Мой город» порталының жазуынша, ферма маңындағы өзенге шомылып жүрген баланы кенет қамыс арасынан жүгіріп шыққан түлкі бас салған.
Жыртқыш өлтіріліп, ұшасы зерттеуге жіберілді. Талдау көрсеткендей, жабайы жануар құтырма ауруын жұқтырған болып шықты.
Оқиғадан кейін мұрны, маңдайы және беті жараланған бала Қобда ауруханасына жеткізілді. Сондай-ақ оның жамбасы мен балтырында, самай аймағында тырнақ ізі қалған.
Бала құтырмаға қарсы екпе алады, профилактикалық ем 28 күнге созылады. Балаға ауыл дәрігері қарап жатыр.
«Шаруа шаруашылығында 21 күн карантин жарияланды, ауылдан мал шығаруға және әкелуге болмайды. Ет, сүт және басқа да жануарлардан алынатын өнімдерді сыртқа шығаруға болмайды», — деді Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Иса Базаров.
Qazaq.today